«Шеберлер ауылы» көрмесі өтті

Көкшетаудағы NIS-те «Шеберлер ауылы» көрмесі өтті. Жәрмеңкеге сәндік-қолданбалы өнер туындылары, қолдан жасалған тәттілер, түрлі әшекей бұйымдар ұсынылды. Шараға ата-аналар мен қаланың шағын және орта кәсіпкерлері жиналды. Әр шаңырақ қыш өнері, зергерлік өнер, жүн илеу, тоқу, тағам дайындау өнерлерін ортаға салды.

Педагог-ұйымдастырушы-кураторлардың айтуынша, «Шеберлер ауылы» шарасының мақсаты – зияткер жастарды еңбекке, шығармашылыққа баулып, ұлттық және заманауи өнердің сан-алуан түрлеріне баулу.  

IMG_9228IMG_9224IMG_9220IMG_9216IMG_9206IMG_9198IMG_9237