Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер! 2024-жылдың 8-қаңтарынан 10-ақпанына дейін Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Өркен» білім беру грантына конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-сыныпқа құжат қабылдау жүргізіледі. Осы мерзім аралығында төменде көрсетілген мекен-жайға келіп, құжаттарыңызды тапсыра аласыздар: Көкшетау қаласы, Ж.Тілеулин көшесі, 59. Байланыс телефоны: +7 (716)2 25-31-40.


Кейс-менеджмент

Бүгін Көкшетаудағы NIS ұжымы кейс-менеджмент бойынша кездесу өткізді. Мектептегі кейс-менеджмент – мектеп құзыреті аясында оқу орнынан шығу қаупі төнген оқушының мәселесін шешуде оған толық қолдау көрсету. Семинар барысында мұғалімдерге оқушылармен байланысты түрлі кейстер ұсынылды. Өз кезегінде ұстаздар қауымы түрлі жағдаяттарды шешіп, балаға көмек беру жолдарын қарастырды.


«Шеберлер ауылы» көрмесі өтті

Көкшетаудағы NIS-те «Шеберлер ауылы» көрмесі өтті. Жәрмеңкеге сәндік-қолданбалы өнер туындылары, қолдан жасалған тәттілер, түрлі әшекей бұйымдар ұсынылды. Шараға ата-аналар мен қаланың шағын және орта кәсіпкерлері жиналды. Әр шаңырақ қыш өнері, зергерлік өнер, жүн илеу, тоқу, тағам дайындау өнерлерін ортаға салды. Педагог-ұйымдастырушы-кураторлардың айтуынша, «Шеберлер ауылы» шарасының мақсаты – зияткер жастарды еңбекке, шығармашылыққа баулып, ұлттық және заманауи […]


Көкшетаулық Зияткерлер «Креатив-бой» жүлдегері атанды

Қарашаның 16-17-сі күндері 9-сынып оқушылары арасында «Креатив-бой» желілік топтық зияткерлік ойыны өтті. Ұйымдастырушы – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Ойынның қорытындысы бойынша, Көкшетаудағы NIS оқушылары жүлделі 3-орынға ие болды. «Креатив-бой» – оқушылардың сыни ойлауын, функционалды сауаттылығын, шешендік қабілеттерін, топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған ақыл-ой сайысы. Көкшетаудағы NIS-тен аталған байқауға 4 оқушы қатысты. […]


Мектеп ұжымы Тоқат Есенұлын құттықтады

Бүгін Көкшетаудағы NIS ұжымы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тілеубердин Тоқат Есенұлын зейнет жасқа келуімен құттықтады. Мектеп директоры Шырын Жұмабекова ұлағатты ұстаздың мектеп қабырғасындағы ерен еңбегін атап өтіп, алғыс хат табыстады. Тоқат Есенұлының әріптестері де жылы лебіздерін жеткізіп, биология пәнінің мұғалімі Гүлдана Құрманәлі ән шырқады. Тоқат Есенұлы. Білім беру саласындағы 45 жыл Мерейлі жасымен қоса биыл […]


Биология апталығы басталды

Көкшетаудағы NIS-те кезекті пән апталығы басталды. Дәстүрлі таңғы жиында «Биология – өмір өркені» атты биология апталығының ашылуы өтті. 20-25-қараша аралығында биология әдістемелік бірлестігімен ашық сабақтар мен онлайн кездесулер, «Даналық бейсенбі» жобасы мен эко-квесттер жоспарланған.


Химия апталығы қорытындыланды

Көкшетау қаласындағы NIS-те химия апталығы қорытындыланды. Бес күн бойы Зияткерлер түрлі сайыстарға қатысып, сабақтарда білімдерін сынап көрді. Интеллектуалды ойындар мен топтық жұмыстар апталықтың көрігін қыздыра түсті. Сондай-ақ 12-сынып оқушылары халықаралық сұхбатқа қатысты.


Табысқа апарар жол бірге басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» дәстүрлі «Жас Ұстаз: табысқа апарар жол» атты аймақтық жас мұғалімдер форумына Ақмола облысының  жалпы білім беретін мектептерінің тоқсаннан астам ұстазы қосылды. Осы жылы басымдық ауыл мектептерінің мұғалімдеріне беріліп отыр. Шара Көкшетау қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Нәжмиден Нұралиннің сөзімен басталып, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Төлеген Нөгербаевтың сөзімен жалғасты. Степногорск қаласы, […]


Көкшетаудағы NIS оқушылары Қытайда

Көкшетаудағы NIS оқушылары «7th Belt and Road» мұғалімдер мен оқушыларға арналған семинарға қатысты. Қытайдың Шыңжаң өңірінде өткен шараға биология пәнінің мұғалімі Бахыт Мусагулованың жетекшілігімен Мадина Абатова, Айгерим Ислямова, Еділ Қуанышбеков, Расул Мейрам және Дінмұхаммед Жақсылық, Чунцин қаласына Аружан Жәнібек барып келді. Шыңшаң ғылым, техника және білім беру салаларындағы тығыз халықаралық қарым-қатынастарға көңіл бөліп, шекаралас елдермен […]


Батырхан Шүкеновтың «Сағым дүниесі» «Бір әннің тарихы» жобасында

Жаңа оқу жылында дәстүрлі «Бір әннің тарихы» жобасын «Алтын Емел» шаңырағы бастады. Сәрсенбіде Зияткерлер Батырхан Шүкеновтың «Сағым дүние» әнінің жазылуына тоқталып, тарихын сабақтады. 10-сынып оқушысы Мадина Алкулова аталған әнді қосымша білім беру педагогтары Әділ Төреғожин мен Анастасия Ператинскаяның музыкалық сүйемелдеуімен шырқап, көрерменнің көңілінен шыға білді. «Алтын Емел» шаңырағы кезекті «Көкшетау» шаңырағына берді.