Таңғы жиында желілік спартакиада жеңімпаздары марапатталды

Көкшетаудағы NIS үшін екінші тоқсан жағымды жаңалықтармен басталды. Дәстүрлі таңғы жиында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан және баскетболдан өткен желілік спартакиада жүлдегерлері мен жеңімпаздары марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, мектептің тоғызқұмалақтан кіші тобы 1-орынға, жоғары тобы 2-орынға ие болды. Жеке есепте Әзиз Әбділман мен Мират Жұмағұл 1-орын, Айзат Сәрсенбай 2-орын алды. Спортшылар Семейде баскетболдан жүлделі 3-орын […]


Көкшетаудағы NIS мұғалімдері ауылдық әріптестеріне шеберлік сағатын өткізді

Елордада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараның секциялық отырыстарында 330-дан астам мұғалім шетелдік және отандық білім беру сарапшыларымен бірге ең өзекті тақырыптарды талдауға мүмкіндік алды. Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары да аталған алаңда ауылдық мектептерден келген әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. 2013 жылы Қазақстанда […]


Қызметкерлердің балалары бір күндерін NIS-те өткізді

Бүгін мектеп қабырғасында Көкшетаудағы NIS қызметкерлерінің балалары бір күндерін өткізді. Мектептің қосымша білім беру педагогтары балаларға арнап түрлі шеберлік сағаттары мен спорттық шаралар ұйымдастарды. Демалыс уақыттарын ата-аналарының жұмыс орнында қызық әрі пайдалы өткізген бүлдіршіндер жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.


Қалалық ғылыми жобалар байқауы үздіктерді анықтады

Көкшетаудағы NIS қалалық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-6-сынып оқушылары озық ойлары мен үздік жобаларын ортаға салды. Сондай-ақ Зеренді ауданының «Красный Кордон» негізгі мектебі мен Красный Яр селосының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары да қатысты. Байқауда 6 секция бойынша барлығы 44 жоба қорғалды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен қала мектептерінің […]


Тоғызқұмалақшылар додаға түсті

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада бастау алды. NIS пен Астанадағы Халықаралық мектептен 94 оқушы жүлдеге таласады. Көкшетаудағы NIS оқушылары да қызу дайындықпен додаға түсті. Кіші топта Әзиз Әбділман мен Айзат Сәрсенбай, орта топта Жантөре Оңғарбай мен Ажар Сәрсенбай, жоғары топта Мират Жұмағұл мен Аружан Кабдрахманова мектеп намысын қорғайды. Ойын «PlayOK» платформасында 2 […]


7-сынып оқушыларын қабылдау

Бүгін Көкшетаудағы NIS-те 7-сынып оқушыларын қатарға қабылдау кеші өтті. Биылғы оқу жылында 118 Зияткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, жалпы саны 5 сыныпқа бөлінді. Мектептің жаңа мүшелері өнерлерін ортаға салып, өздерін таныстырды. Ән айтып, би билеп, қойылымдарымен жоғары сынып оқушыларын, мектеп қауымдастығын тәнті етті. Шара соңында дәстүрге сай «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» әнұранын орындады.


Көкшетаудағы NIS-те ашық есік күні өтеді

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазан айының 30-ы ашық есік күні өтеді. Жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларын Көкшетаудағы NIS өмірімен танысуға шақырамыз!


Көкшетаулық Зияткерлер 27 жоба қорғады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауының бірінші кезеңі аяқталды. Аталған байқауға NIS-тің 900-ден астам оқушысы 636 жоба ұсынды. Көкшетаудағы NIS оқушылары 27 жоба қорғап, оның төртеуі келесі кезеңге өтті. Оқушылардың жобаларын белгілі отандық сарапшылар мен озық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, ғылыми жаңалықтар мен заманауи технологиялар саласындағы зертханалардың ғалымдары бағалады. 10-сынып оқушысы Алихан […]


NIS-те желілік ғылыми жобалар байқауы басталды

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауының бірінші туры басталды. Жас зерттеушілерге арналған желілік сайыс 16-20 қазан аралығында қашықтан өтеді және NIS-тің 900-ден аса оқушысы 636 жоба ұсынады. Көкшетаулық Зияткерлер 27 жоба қорғайды. Оқушылардың жобаларын белгілі отандық сарапшылар мен озық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, ғылыми жаңалықтар мен заманауи технологиялар саласындағы зертханалардың ғалымдары […]


75 ауыл мұғалімі оқыту семинарынан өтті

Көкшетаудағы NIS-те оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқыту семннары өтті. Семинарда білім беру ерекшеліктері, коммуникативті дағдыларды дамыту, оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Барлығы шараға Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарынан 75 мұғалім қатысты. Бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, география, қазақстан тарихы, бейнелеу өнері, […]