Көкшетаудағы NIS оқушылары Қытайда

Көкшетаудағы NIS оқушылары «7th Belt and Road» мұғалімдер мен оқушыларға арналған семинарға қатысты. Қытайдың Шыңжаң өңірінде өткен шараға биология пәнінің мұғалімі Бахыт Мусагулованың жетекшілігімен Мадина Абатова, Айгерим Ислямова, Еділ Қуанышбеков, Расул Мейрам және Дінмұхаммед Жақсылық, Чунцин қаласына Аружан Жәнібек барып келді.

Шыңшаң ғылым, техника және білім беру салаларындағы тығыз халықаралық қарым-қатынастарға көңіл бөліп, шекаралас елдермен академиялық ұтқырлықты қолдайды. Жыл сайын көптеген шетелдік студенттер Шыңжаң университетінде білім алады.  

Мектеп зияткерлері бір апта бойы осы өңірдің танымал ғалымдарымен бетпе-бет кездесіп, ғылыми-техникалық семинарларға қатысты. Экология және география институты мен Шыңжаң астрономия обсерваториясы, ғылым және техника музейі, Қарамай және өзге де көрікті жерлерде болып, ғылымның озық жетістіктерін көруге мүмкіндік алды. 2 айлық оқытудан өтіп, өз жобаларын жолдағаны үшін Зияткерлер «Best maker» және «Best team» сертификаттарымен марапатталып, үздік құрама атағына ие болды.

IMG_0774IMG_0773IMG_0772IMG_0792IMG_0775