Табысқа апарар жол бірге басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» дәстүрлі «Жас Ұстаз: табысқа апарар жол» атты аймақтық жас мұғалімдер форумына Ақмола облысының  жалпы білім беретін мектептерінің тоқсаннан астам ұстазы қосылды. Осы жылы басымдық ауыл мектептерінің мұғалімдеріне беріліп отыр.

Шара Көкшетау қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Нәжмиден Нұралиннің сөзімен басталып, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Төлеген Нөгербаевтың сөзімен жалғасты.

Степногорск қаласы, Ю.Гагарин атындағы №7 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мұхтар Икранбек, Көкшетаудағы NIS-тің биология пәнінің мұғалімі Лейла Нургалиева табыс жолымен бөлісіп, қатысушыларға кеңестер берді.

Форум жас мұғалімдер үшін пікір алмасып қана қоймай, табысты адамдар мен өз қатарластарының ойын біліп, қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін пікірталас алаңына айналды. Жас педагогтар «Сабақты тиімді жоспарлау», «Функционалды сауаттылықты дамыту», «Инклюзивті білім беру», «Оқушыларды оқытудағы зерттеулер», «Оқыту мен оқудағы бағалау» сияқты тақырыптарды талқылады.

Көкшетаудағы NIS мұғалімдері Ажар Боранбаева, Зарина Алишпаева, Динара Сармолдина, Мира Мухамбедьярова, Есбол Токеев пен Лейла Нургалиева жоғарыда аталған бағыттар бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның соңында «Болашақ мектепті жобалау» педагогикалық квесті аясында жас мұғалімдер болашақта мектептің қандай болуы керегі жайында өз ойларын ортаға салып, жоба жасап, оны сәтті қорғап шықты.

IMG_8593IMG_8596IMG_8613IMG_8616IMG_8617IMG_8620IMG_8629IMG_8563