Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер! 2024-жылдың 8-қаңтарынан 10-ақпанына дейін Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Өркен» білім беру грантына конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-сыныпқа құжат қабылдау жүргізіледі. Осы мерзім аралығында төменде көрсетілген мекен-жайға келіп, құжаттарыңызды тапсыра аласыздар: Көкшетау қаласы, Ж.Тілеулин көшесі, 59. Байланыс телефоны: +7 (716)2 25-31-40.


Ұлағатты әкелер: Жылқыны қолға үйрету өркениетінен заманауи автокөліктерге дейін

«Ұлағатты әкелер» жобасының кезекті қонағы – 8-сынып оқушысы Ернар Тілеуғабылдың әкесі Болат Шәрипов. Ол Зияткерлерге жылқының қолға үйретілген күнінен бастап заманауи автокөліктерге дейінгі өркениет жайында баяндады. Зияткерлер теориядан бөлек, жолда жүру ережелерін білу деңгейлерін тексеріп, симуляторларда көлік жүргізіп көрді.


Көкшетаудағы NIS оқушылары Қытайда

Көкшетаудағы NIS оқушылары «7th Belt and Road» мұғалімдер мен оқушыларға арналған семинарға қатысты. Қытайдың Шыңжаң өңірінде өткен шараға биология пәнінің мұғалімі Бахыт Мусагулованың жетекшілігімен Мадина Абатова, Айгерим Ислямова, Еділ Қуанышбеков, Расул Мейрам және Дінмұхаммед Жақсылық, Чунцин қаласына Аружан Жәнібек барып келді. Шыңшаң ғылым, техника және білім беру салаларындағы тығыз халықаралық қарым-қатынастарға көңіл бөліп, шекаралас елдермен […]


Қалалық ғылыми жобалар байқауы үздіктерді анықтады

Көкшетаудағы NIS қалалық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-6-сынып оқушылары озық ойлары мен үздік жобаларын ортаға салды. Сондай-ақ Зеренді ауданының «Красный Кордон» негізгі мектебі мен Красный Яр селосының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары да қатысты. Байқауда 6 секция бойынша барлығы 44 жоба қорғалды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен қала мектептерінің […]


Тоғызқұмалақшылар додаға түсті

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада бастау алды. NIS пен Астанадағы Халықаралық мектептен 94 оқушы жүлдеге таласады. Көкшетаудағы NIS оқушылары да қызу дайындықпен додаға түсті. Кіші топта Әзиз Әбділман мен Айзат Сәрсенбай, орта топта Жантөре Оңғарбай мен Ажар Сәрсенбай, жоғары топта Мират Жұмағұл мен Аружан Кабдрахманова мектеп намысын қорғайды. Ойын «PlayOK» платформасында 2 […]


7-сынып оқушыларын қабылдау

Бүгін Көкшетаудағы NIS-те 7-сынып оқушыларын қатарға қабылдау кеші өтті. Биылғы оқу жылында 118 Зияткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, жалпы саны 5 сыныпқа бөлінді. Мектептің жаңа мүшелері өнерлерін ортаға салып, өздерін таныстырды. Ән айтып, би билеп, қойылымдарымен жоғары сынып оқушыларын, мектеп қауымдастығын тәнті етті. Шара соңында дәстүрге сай «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» әнұранын орындады.


NIS-те желілік ғылыми жобалар байқауы басталды

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауының бірінші туры басталды. Жас зерттеушілерге арналған желілік сайыс 16-20 қазан аралығында қашықтан өтеді және NIS-тің 900-ден аса оқушысы 636 жоба ұсынады. Көкшетаулық Зияткерлер 27 жоба қорғайды. Оқушылардың жобаларын белгілі отандық сарапшылар мен озық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, ғылыми жаңалықтар мен заманауи технологиялар саласындағы зертханалардың ғалымдары […]


Конкурстық іріктеу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды. Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық […]


«Көңілді старт» спорт сайысы

Жаңа оқу жылына қабылданған Зияткерлер «Көңілді старт» спорт сайысында бақ сынады. 7-сынып оқушылары эстафета барысында бірігіп әрекет ету арқылы ақтық мәреге талпынды. Мектептің өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен бұл шара аптаның сәтті қорытындысына айналды.


Жаңа оқу жылында қандай үйірмелер мен курстар бар?

Мобильді қосымшаларды әзірлеу, копирайтинг негіздері, «Шаттық» домбырашылар үйірмесі. Осы және өзге де үйірмелер мен курстар жаңа оқу жылында Зияткерлерге ұсынылады. Үйірмелер мен элективті курстар тізімі, жетекшілері бүгін «Үйірмелер жәрмеңкесі» шарасында таныстырылды. Үйірмелер: «Шахматная планета» – Болат Қосубаев «Жас зерттеуші» – Маржан Салықова «Профориентационный стенд» – Алихан Казиденов «Гончарная студия», «Изобразительное искусство» – Арман Исенов «Алтын […]