7-сынып оқушыларын қабылдау

Бүгін Көкшетаудағы NIS-те 7-сынып оқушыларын қатарға қабылдау кеші өтті. Биылғы оқу жылында 118 Зияткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, жалпы саны 5 сыныпқа бөлінді.

Мектептің жаңа мүшелері өнерлерін ортаға салып, өздерін таныстырды. Ән айтып, би билеп, қойылымдарымен жоғары сынып оқушыларын, мектеп қауымдастығын тәнті етті. Шара соңында дәстүрге сай «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» әнұранын орындады.

IMG_9281IMG_9280IMG_9278IMG_9286IMG_9285IMG_9284IMG_9282IMG_9281