Асанәлі мен Диасәлі Кәрімдер республикалық фестивальдің жеңімпаздары атанды

Көкшетаудағы NIS-тің 12-сынып оқушылары Асанәлі мен Диасәлі Кәрімдер экологиялық идеялар мен жобалардың республикалық фестивалінің жеңімпазы атанып, 5 миллион теңгелік грантпен марапатталды. Алматы қаласында «Turaqty Jol» Ұлттық әлеуметтік эконауқанынының аясында экологиялық идеялар мен жобалардың республикалық фестивалінің ақтық кезеңі өтті. Ұсынылған 300 жобаның ішінен 10-ы ғана ақтық кезеңге жолдама алды. Жобалардың ішінен ағайынды Кәрімдердің «Wecube» жобасы озық […]


Қош келдің, Зияткер!

Көкшетаудағы NIS-те 7-сынып оқушыларына арналған бейімдеу апталығы өтіп жатыр. Бірнеше күн ішінде «Өркен» білім беру грантының 118 иегері жаңа білім ордаларын аралап, мектептің құндылықтары мен миссиясымен танысты. Сондай-ақ, оқушыларға тілдік курстар мен арнайы сабақтар өткізіліп жатыр. Балалар NIS жобалары мен үйірме жұмыстарымен танысты. 31-тамызға дейін жалғасатын оқуға бағдарлау апталығы – оқушыларға қарым-қатынас орнатып, мектеп тәртібіне […]


WRO-2023: Көкшетаудағы NIS зияткерлері Ұлттық кезеңде жүлдегер атанды

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «World Robot Olimpiad-2023» әлем чемпионатының ұлттық кезеңі өтті.   Аталған додада Көкшетау қаласындағы NIS оқушылары жүлдегерлер қатарынан табылды. Атап айтсақ, 9-сынып оқушылары Қайрат Ескен мен Даниэль Жакупов үздік бестікке кірсе, 8-сынып оқушылары Арслан Есболат пен Асанали Бекмағамбет жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшілері: информатика пәнінің мұғалімдері Анар Капанаева мен Алма […]


Тамыз кеңесі: мектеп директоры баяндама жасады

Көкшетаудағы NIS директоры Шырын Жұмабекова республикалық Тамыз кеңесінде сөз сөйледі. Республика көлемінде өткен «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тамыз кеңесінде Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Шырын Жұмабекова «Дарынды балаларды тәрбилеу – интеллектуалды мектептерде жазғы мектеп ұйымдастыру тәжірибесінен» тақырыбында баяндама жасады. Шырын Салкенқызы Зияткерлік мектептерде академиялық, спорттық және шығармашылық бағыттар бірдей ескерілетінін […]