Қалалық ғылыми жобалар байқауы үздіктерді анықтады

Көкшетаудағы NIS қалалық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-6-сынып оқушылары озық ойлары мен үздік жобаларын ортаға салды. Сондай-ақ Зеренді ауданының «Красный Кордон» негізгі мектебі мен Красный Яр селосының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары да қатысты.

Байқауда 6 секция бойынша барлығы 44 жоба қорғалды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен қала мектептерінің мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті. Нәтижесінде оза шапқан оқушылар марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

IMG_7735IMG_7732IMG_7751IMG_7748IMG_7745IMG_7737IMG_7736