NIS-те желілік ғылыми жобалар байқауы басталды

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауының бірінші туры басталды.

Жас зерттеушілерге арналған желілік сайыс 16-20 қазан аралығында қашықтан өтеді және NIS-тің 900-ден аса оқушысы 636 жоба ұсынады. Көкшетаулық Зияткерлер 27 жоба қорғайды.

Оқушылардың жобаларын белгілі отандық сарапшылар мен озық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, ғылыми жаңалықтар мен заманауи технологиялар саласындағы зертханалардың ғалымдары бағалайды.
Байқаудың екінші туры 2023 жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында NIS Ph&M Astana базасында жаратылыстану-математикалық бағытта және NIS Ch&B Almaty базасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша офлайн форматта өтеді.

IMG_7401