Тоғызқұмалақшылар додаға түсті

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада бастау алды. NIS пен Астанадағы Халықаралық мектептен 94 оқушы жүлдеге таласады. Көкшетаудағы NIS оқушылары да қызу дайындықпен додаға түсті.

Кіші топта Әзиз Әбділман мен Айзат Сәрсенбай, орта топта Жантөре Оңғарбай мен Ажар Сәрсенбай, жоғары топта Мират Жұмағұл мен Аружан Кабдрахманова мектеп намысын қорғайды. Ойын «PlayOK» платформасында 2 күн қатарынан өтеді.

IMG_7763