Көкшетаудағы NIS-те жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған «Каникулярлық мектеп» жобасы өтті

Аталған курс үміткерлерді Зияткерлік мектептерге түсу бойынша қолдау үшін құрылған. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушыларын Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеулеріне дайындау.

«Виртуалды мектеп» тапсырмаларының нәтижесі бойынша жалпы балдың 50 пайызын жинаған білім алушылар қысқа мерзімді оқудан өту үшін курсқа шақырылады.

Осылайша, Көкшетаудағы NIS ұстаздары «Каникулярлық мектеп» жобасы аясында оқушыларға сабақтар өткізіп, сапалы біліммен қаруландырды.

IMG_0874