Көкшетаудағы NIS-те жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған «Каникулярлық мектеп» жобасы өтті

Аталған курс үміткерлерді Зияткерлік мектептерге түсу бойынша қолдау үшін құрылған. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушыларын Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеулеріне дайындау. «Виртуалды мектеп» тапсырмаларының нәтижесі бойынша жалпы балдың 50 пайызын жинаған білім алушылар қысқа мерзімді оқудан өту үшін курсқа шақырылады. Осылайша, Көкшетаудағы NIS ұстаздары «Каникулярлық мектеп» жобасы аясында оқушыларға […]


Кейс-менеджмент

Бүгін Көкшетаудағы NIS ұжымы кейс-менеджмент бойынша кездесу өткізді. Мектептегі кейс-менеджмент – мектеп құзыреті аясында оқу орнынан шығу қаупі төнген оқушының мәселесін шешуде оған толық қолдау көрсету. Семинар барысында мұғалімдерге оқушылармен байланысты түрлі кейстер ұсынылды. Өз кезегінде ұстаздар қауымы түрлі жағдаяттарды шешіп, балаға көмек беру жолдарын қарастырды.


Қош келдің, Жаңа жыл!

Көкшетаудағы NIS-те мектеп қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шара өтті. Бүлдіршіндер би билеп, ән айтып, ойындарға қатысып, Аяз атаның сыйлықтарына ие болды. Мектепте дәстүрге айналған шара мектеп қызметкерлері мен балалардың көңілінен шықты.


6-сынып оқушыларының назарына!

Көкшетаудағы NIS-те қаңтар айының 3-і мен 5-і аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Каникулярлық мектеп» жұмысын жүргізеді. Аталған курс үміткерлерді Зияткерлік мектептерге түсу бойынша қолдау үшін құрылған. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушыларын Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеулеріне дайындау. «Виртуалды мектеп» тапсырмаларының нәтижесі бойынша жалпы балдың 50 пайызын жинаған […]


NIS оқушылары Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Көкшетаудағы NIS оқушылары Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың алғыс хатымен марапатталды. «Aqmola Power» облыстық инновациялық идеялар мен жобалар байқауының жеңімпаздары алғыс хат пен ақшалай сертификаттарға ие болды. Атап айтсақ, «Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыру арқылы қуаттау құрылғысы» жобасымен 3-орынға тұрақтаған 11-сынып оқушысы Назерке Болат 50 мың теңге, «Система предупреждения аварийных ситуаций на дорогах в условиях […]


Көкшетаудағы NIS-те Ашық есік күні өтті

Көкшетаудағы NIS 2024-2025 оқу жылында 1-2-сыныптарға қабылдау жүргізеді. Осыған байланысты бүгін мектеп қабырасында ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Шара барысында ата-аналар қауымы экскурсияға қатысып, оқу кабинеттерін толыққанды аралады. Бастауыш сынып мұғалімдері Баян Кульмаганбетова, Досан Молдахметов, Ажар Боранбаева «NIS Programme» бағдарламасымен, қазақ тіліне бойлау әдісімен таныстырды. Қосымша білім беру педагогтары Елена Полехина, Руслан Аманжолов, Арман […]


Тимбилдинг біріктіреді

Зияткерлер бақылауларды тапсырып, қысқы балды артқа тастап, екінші тоқсанды тәмамдап, демалыс орындарына барды. Әр шаңырақ оқушылары кураторларымен курорттық аймақтарды таңдап, бір күндерін сол жерде өткізді. Бұл – Көкшетаудағы NIS оқушыларының көп жылдық дәстүріне айналды. «Алтын Емел» шаңырағының оқушылары, куратор Назгүл Амерханова мен ата-аналар «Сұңқар» оңалту орталығына барса, «Шарын», «Алатау», «Бектау Ата», «Жетісу», «Оқжетпес», «Каспи» шаңырақтарының […]


«Жаңа жылдық оқиға»

Көкшетаудағы NIS-тің 5-6-сынып оқушылары Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма-театрына барып, «Жаңа жылдық оқиға» қойылымын тамашалады. Ертегі барысында балалар ғарыш әлеміне саяхат жасап, өзге ғаламшарлықтармен танысып, шыршалар еліндегі таңғажайып оқиғаларды бастан өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің айтуынша, кейіпкерлер өз рөлдерін шебер сомдап, олардың киімдері балаларды таң қалдырды. Қойылым балалардың көңілінен шықты. Қойылымнан соң, жасыл шырша жанында […]


«Samgau» форумы түлектер мен оқушыларды біріктірді

Желтоқсан айының 21-22-сі күндері еліміздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Samgau» түлектер форумы өтті. Көкшетаудағы NIS-те де шара екінші рет өткізіліп, түлектер мен оқушыларды біріктірді. Ұйымдастырылған алаңда түлектер өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Жоғары оқу орындарына түсу, шетелдік университеттерден шақырту алу сияқты негізгі мәселелер әңгіменің арқауына айналды. «Alumni NIS» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға мектепті әр жылдары тәмамдаған 15 […]


Қысқы бал-2024

Жарқыраған шамдар. Жаңа-жылдық әуендер. Көтеріңкі көңіл-күй мен көрікті ұл-қыздар. Бұның бәрі Көкшетаудағы NIS-те өткен дәстүрлі қысқы бал жайында. Бүгін мектеп қабырғасында «Көкшетау» шаңырағының, қосымша білім беру педагогі Динара Мұхтарова мен куратор Динара Чагаеваның  ұйымдастыруымен мазмұнды кеш өтті. Шара барысында жаңа жылдық әндер айтылып, ойындар ойнатылды. 57 жұп бал биін билеп, өзара бақ сынады. Бұл кеш, […]