Қазақ тілі апталығы: «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді сахналанды

Заманауи орындаушылардың әндері шырқалды

Көкшетаудағы NIS-те қазақ тілі апталығының аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді сахналанды. 11-сынып оқушыларын қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Қайрат Закерияа, Ардақ Нурушева және қосымша білім беру педагогі Асылбек Ташимов дайындады.

Әр оқушы өз рөлін шеберлікпен сомдап, көрермен көзайымына айналды. Зияткерлердің сахналық ойыны оқушыларды да, ұстаздар қауымын да тәнті етті.

Сондай-ақ үзіліс уақытында қазақ тілі мұғалімі Есбол Токеевтің ұйымдастыруымен «Қазақша караоке» өтті. Оқушылар Darkhan Juzz, Yenlik, Dosekesh сияқты жас орындаушылардың әндерін шырқап, серпіліп қалды.

IMG_1252IMG_1246IMG_1242IMG_1235IMG_1231IMG_1225IMG_1220