Математика апталығы басталды

Көкшетаудағы NIS-те 2024 жылдың алғашқы пән апталығы басталды. Бүгін дәстүрлі таңғы жиында «Математика» апталығының ашылуы өтті. Әдістемелік бірлестік мүшелері оқушылармен бірлесіп апталықтың жоспарын таңғы жаңалықтар формасы негізінде таныстырды.

Апталық барысында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, қаңтардың 17-сі «Кім жылдам» викторинасы мен математикалық ойжұмбақ, 18-і «Танграмм» ойыны мен қала мектептері мұғалімдерінің қатысуымен шара өтпек.

IMG_0965IMG_0959