НЗМ-де оқуға үміткерлерге арналған Каникулярлы мектебі

+++

2023 жылғы 3-6 қаңтар аралығында Көкшетау қ. ФМБ НЗМ-де “Қазақ тілі”, “Қазақ тілі мен әдебиеті”, “Орыс тілі”, “Орыс тілі мен әдебиеті”, “Ағылшын тілі”, “Математика”, “Жаратылыстану” пәндері бойынша 6 -шы сыныптарда каникулярлы мектептің оқу сабақтары өтті.

Каникулярлы мектебінің негізгі міндеті – сабақтарды ұйымдастыру және Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндері бойынша оқушыларға кеңес беру.

Оқыту барысында 3 топ құрылды: екеуі қазақ тілінде және біреуі орыс тілінде. Каникулярлы мектепте Виртуалды мектептің тапсырмаларын сәтті орындаған Ақмола облысының “Зеленый бор”, “Шиялы”, “Имантау” ауылдарынан, Солтүстік Қазақстан облысының жақын маңдағы “Саумалкөл” ауылынан, қалалық мектептерден және Көкшетау қаласының ФМБ НЗМ оқушылары оқудан өтті. Барлығы 48 оқушы қатысты.

Пәндер бойынша оқу сабақтарының мазмұнына үлкен қиындықтар тудыратын тақырыптар кірді. Мысалы, жаратылыстану пәндерінің тақырыптары: “Масштаб”, “Халықтың тығыздығы жоғары және төмен аймақтар”, “Атомдар мен молекулалар, қарапайым және күрделі заттар”, “Энергия түрлері мен көздері”,” Қозғалыс салыстырмалылығы”, математика бойынша: “Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер”, “Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер”, “Геометриялық есептерді шешу”, ал тілдік пәндер бойынша негізгі мәселе – оқу сауаттылығы, әлсіз сөздік қоры болып анықталды.

Каникулярлы мектеп оқушыларға пәндер бойынша тапсырмаларды орындау дағдыларын пысықтауға мүмкіндік берумен қатар, оқушыларды математика және сандық сипаттамалары бойынша тесттердің ерекшеліктерімен таныстырды. Оқушылардың өзара білім алмасу арқылы жүргізілген сабақтар ең тиімді болып табылды. Оқу сабақтары барысында мұғалімдер ғана емес, оқушылардың өздері де бір – біріне кері байланыс беріп, олардың барысында тапсырмаларды орындау динамикасы байқалды. Оқушылар жеке, екеуден және топтарда өз дағдыларын шыңдады, сонымен қатар тапсырмаларды орындау үшін бөлінген уақытты ұтымды пайдалануды үйренді.

Каникулярлы мектебінің барлық қатысушыларына Көкшетау қ. ФМБ НЗМ 7-ші сыныптарда оқуға конкурстық іріктеуден сәтті өтуін тілейміз!