Шаңырақ «Каспий»

«Каспий» Шаңырағы

         Жалпы «Шаңырақ» ұғымының халқымыздың ұлттық мәдениетіндегі орны ерекше. Шаңырақ – мемлекеттiң негiзi – отбасының бейнесi болып табылады, сол себепті де рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негiзiн құрайтын – шаңырақтың мазмұны мен дүниетанымдық мәні тереңде. Міне, сондықтан еліміздің мемлекеттік эмблемасының негізі болып табылатын «Шаңырақ» ұғымы біздің мектебімізде де  маңызды рөл атқарады.

        “Каспий” Шаңырағы орыс тілінде оқытылатын 8 “D” сыныбынан және оқыту тілі – қазақша болып келетін  11 “B” сыныбынан тұрады. Алайда, оқыту тілдерінің айрмашылығы біздің жақын аралсуымызға мүлдем кедергі келтірмейді. Шаңырағымыздың ішінде үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіледі, жауапкершілік, ынтымастық, бірлік, жанашырлық қасиеттері орын алған. Біз мектеп ішінде өткізілетін барлық іс-шаралар мен жобаларға белсенді қатысып, өз қабілеттерімізді одан әрі дамытуға, жаңа қасиеттерді бойымызға дарытуға ұмтыламыз. Шаңырағымыздағы оқушылар бірінен-бірі өткен сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі балалар. Мектепшілік отбасымызда әнші мен биші де, жүргізуші мен ақын-жазушы да және тағы да басқа дарындылық иелері кеңінен табылады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» – деп дана халықымыз бекер айтпаған, қандай іс-шара болмасын барлығымыз ұжымдасып, шың жүрекпен орындауға тырысамыз. Сондай-ақ, шаңырағымыздағы жоғары сынып оқушылары кіші сыныптарда оқитын балаларға бауырмалдығын танытып, ағалық қамқорлығын көрсетіп, әрқашан қолдап жүреді.

kaspi_sh

«Бір әннің тарихи»

       8-қараша күні «Каспий» Шаңырағының орындауында «Бір әннің тарихы» атты мектепшілік таңғы жиыны ұйымдастырылды. Бүкіл мектеп қауымы аты жер жарған Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблінің әйгілі «Қайдасың», «16 қыз», «Су тасушы қыз», «Той жыры» атты әндерін тамашалады.

       Әр өлеңнің қыр-сырын ашу үшін Шаңырақ оқушылары бірігіп, сол заманның бейнесін және жастар арасындағы қарым-қатынасты көрсететін кең көлемді қойылым әзірледі. Сюжет ғашықтардың арасындағы махаббатқа, пәк-таза сезімге негізделді. Әр эпизод әннің мазмұнымен, сарынымен тікелей байланысты болды. Көрермендермен бірге бір сәтке 1960-1970 жылдардағы Қазақстанға саяхат жасағандай болдық. Костюмдер, декорациялар, әдемі билер, актерлік ойын мен ең бастысы – жанды дыбыстың арқасында Шаңырақ оқушылары көздеп жатқан мақсаттарына – көрерменнің сезіміне әсер етуге қол жеткізді. Сонымен қатар, өз қойылымымызда біз қазақ халықының салт-дәстүрлерін де көрсете білдік. Бірнеше аптаға ұласқан дайындықтың жемісін «Каспий» Шаңырағы залдың ду қол шапалағынан көрді. Шаңырақтың әр мүшесі өзінің үлесін қосты. Сахнадағы оқушылар бар күш-жігерін жинап, актерлік шеберліктерін танытты. Тіпті, сахнаға шықпаған оқушылар реквизиттерді дайындап, жарықты, музыканы қадағалап, жиынның сәтті өтуіне септігін тигізді. Бұл іс-шара мектеп қауымын қуанта қоймай ғана, бізге де әсер етті. Әсіресе, бұрында басқа сыныпта оқыған оқушылардың арасындағы қарым-қатынас  нығая түсті. Сегізінші және он бірінші сыныптар арасындағы әріптестік, достық күшейе түсті. Барлығымызды таңғы жиыннан кейінгі қуаныш сезімі бүкіл күн бойы кернеп отырды.