ЖЕЛІЛІК ШАХМАТ ТУРНИРІ ЖӘНЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ БОЙЫНША СПАРТАКИАДА

       27-28 қыркүйек аралығында Ақмола облысының «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша спартакиада және дәстүрлі шахмат турнирі өтті.

       Бұл іс-шара оқушылар арасында спорттық-зияткерлік ойындарды насихаттау мақсатында өткізілді. Спартакиада қазылар алқасының төрағалары тоғызқұмалақ бойынша Халықаралық федерацияның Бас хатшысы және жастар командасының бас бапкері – Шотаев Мақсат Есенбекұлы және Халықаралық шахмат федерациясының лицензияландырылған төрешісі – Метелено Евгений Сергеевич болды.

      Шахмат турнирінде 84 оқушы жарысқа түсіп, 40 оқушы тоғызқұмалақ ойынында өз қабілеттерін көрсете алды.

      Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік команда – 2019» номинациясына ие болған құрама командаларды дайындаған жаттықтырушыларға мадақтамалар берілді. Біздің мектептің оқушыларына шахмат турнирінде қатысуы нәтижелі болды, Сагандыкова Сабина және Курмантас Алидар бірінші жас санаты тобында 2 орындарға иеленді.