Жазғы мектеп – 2019

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылдың 27 мамыры мен 7 маусымы аралығында 1-4 сынып оқушылары үшін жазғы мектеп ұйымдастырылған болатын. Жазғы мектепті ұйымдастырудың мақсаты – академиялық әлеует пен жобалық-зерттеу жұмыстарының дағдыларын дамыту, сонымен қатар оқушылардың кешенді әлеуметтік-эстетикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Оқушылардың тілдік мәдениетін және математикалық сауттылығын дамыту үшін келесідей курстар ұйымдастырылды: «Сөздердің сиқыры», «English for Fun», «Лингвистикалық қоржын», «Сиқырлы қазақ тілі», «Қызықты математика». Сыныпта оқушылар лингвистикалық ертегілермен танысты, сөздік ойындар, шарадалар, мегаграммамен танысып, әдеби мәтінді талдауға тырысып, басқатырғыштар құрастырды.
Сабақтар теориялық материалдан ғана емес, сондай-ақ жаттығулардың әртүрлі түрлері ұсынылған практикалық бөлімнен тұрды.

Көркемдік және шығармашылық іс-тәжірибе алу, сондай-ақ көркем және эстетикалық талғамды үйрету үшін оқушыларға «Әлем біздің айналада» атты сурет салу бойынша сабақтар өткізді, мұнда оқушылар түрлі техникада жұмыс істеді: аппликация, мүсін, дәстүрлі емес сурет техникасы (жапырақтармен, алақанмен, үрмелі сабанмен және т.б.) ол үшін түрлі материалдарды қолданды: түсті қарындаштар, гуашь, акварель, түрлі-түсті қағаз, картон, пластилин және т.б.Сонымен қатар, жазғы мектептің әрбір таңы көңілді ритмикалық флеш-мобтан басталды. «Көңілді ноталар» атты музыкадан қызықты сабақтар, сондай-ақ хореография сабақтары болды. Салауатты өмір салтын сақтау және спорттық рухты тәрбиелеу мақсатында балалар таза ауада жаттығулар өткізді, мұғалімнің басшылығымен тренажерларда жаттықты. Негізгі жұмыс оқушылардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға, жалпы олардың даму жаттығуларын өз бетінше орындауға қабілетті болуға бағыттау. Одан басқа, оқушылар Ақмола облыстық филармонияға интерактивтік қойылымға саяхат жасады және табиғатқа шығып, демалыс ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары сабаққа қызығушылық танытып, барлық тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен және креативті орындады, алдағы жылы болашақта жазғы мектепті жалғастыруға ниет білдірді.

 

 

64213118_231456161144690_759507778808053760_n 62596421_231456044478035_3034628341492613120_n 62591016_231456217811351_8140973229528317952_n 62452010_231456107811362_8105906831601172480_n 62434336_231456101144696_2240209260321439744_n 62419681_231456271144679_6802206518633562112_n 62384972_231456017811371_3283531798058893312_n 62376622_231456057811367_8436984076375687168_n 62327274_231456264478013_7336804366436794368_n 62239277_231456174478022_2041020389508775936_n 62222281_231456211144685_8484300751823175680_n