Жұмыс және мереке күндері

Снимок экрана 2022-02-15 105456

BRAINBOY зияткерлік ойыны
Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында жаңа форматтағы BRAINBOY (Mega mind) зияткерлік ойыны өтті. Ойынға және «BLACK» командалары қатысты.
«PRADO» командасының капитаны Айша Омарова болса, Аслан Баташев «BLACK» командасының капитаны болып сайланған.
Әр команда 3 адамнан құрылды. Олар ең көңілді, ең ақылды, батыл, эрудиция және логика жағынан тапсырмаларды шеше алатын, медиа ақпараттарды құра алатын, оны сыни тұрғыдан бағалай білетін және командада жемісті жұмыс істей алатын оқушылар.
Тәрбиешілер Гибадат Касымова мен Гүлсән Нурумбекованың жетекшілігімен «INSIDE» және «MEGA PARTY» клубтарының кездесуінде қалыптасқан атмосфера оқушыларға ең жарқын эмоциялар мен көтереңкі көңіл-күй сыйлады.

Снимок экрана 2022-02-15 105515

Жаңашыл кәсіби бағдар

 Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында оқушылардың мамандықтарын, мансаптарын және өмірлік жолдарын таңдау дайындығын қалыптастыру үшін «Игигай-Икигай» клубы ұйымдастырылды. Клуб девизі: «Егер сіз дарынды болсаңыз, мақтаныңыз, өзіңізді ғаламның кірпіші санаңыз, онда орын тауып, тоқта!”
Клуб отырысы аптасына бір рет өткізіледі, 10-сынып оқушылары Абайдың «Гаклия» ақиқаттарына зер салып, жапондық Икигаи қағидаларымен таныса отырып, өмірлерінің мәні мен келешектегі тағдыр жолдарын табу мәселесі бойынша философиялық көзқарастарына салыстырмалы талдау жасайды. Үйірме мүшелері өз – өзін, қоршаған ортаны тану әлемі – саналы еңбек пен бақытты өмірдің негізгі әлемі екенін біледі.
Клубқа қатысқан оқушылар кәсіптік бағдар туралы білімдерін кеңейтіп өз мүмкіндіктері мен еңбек нарығының талаптарына сай қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында саналы және кәсіби өз – өзін анықтаудың маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік береді.

Күзгі вальс

Табиғат жаратылысы өзінің сұлулығымен, күрең күз жылуымен адам баласына ерекше әсер беретін мезгіл – күз. Аталмыш мезгілдің алғашқы қыркүйек айының 28-і күні біздің жатақханамызда тәрбиешілер мен өнерлі, өрелі оқушыларымыздың ұйымдастыруымен «Күзгі вальс» атты кеш өтті. 

Кешіміздің негізгі мақсаты мен жоспары толықтай орындалды. Дәлірек айтқанда, оқушылар 5 жұпқа бөлініп, өз өнерлерін көрсетті. Бұл кешіміздің көңілге жылу ұялататын нәтижесі 5 жұптың ішінен іріктеліп, дарабоз бола білген «Күз ханзадасы мен ханшайымы» номинациясының иегерлері: Хабдразаков Кеңесары мен Баймагамбетова Айшаны шын жүректен құттықтаймыз. 

Оқушыларды ауызбіршілікке, жақсылыққа, өнерге баулыйтын «Күзгі вальс» кеші дәстүр болып қалыптасып, жылдан жылға жалғасын табатынына кәміл сенемін.

 

Тулеуова Ф.Ж.,

Tәрбиеші.

Тілек алқасы

Психологиялық қызметкерлердің ұйымдастыруымен жатақханамызда 20-сәуір күні «Тілек алқасы» атты психологиялық науқан өтті. Бұл науқанның  мақсаты балалардың бір-біріне деген адамгершілік қарым-қатынасын, ізгі тілектері мен мейірім махаббатын жақсарту, аңқылдаған ақ жүректерінің тазалығын және бір-біріне деген сенімін арттыру. Науқан барысында балалар бірінің мойнындағы алқадан бір жіпті алып, келесі баланың мойнына байлап жатып, ішіндегі ақ тілегін ақтарды. Бұл әрекеттерімен олар адам баласының бойында азайып бара жатқан мейірбандық пен ізгіліктің, күнделікті күйбең тіршіліктің құрсауында жүріп, бір-біріне бір ауыз жылы сөз айтуға бөлінбеген уақыттың қадірін түсінгендей. Алқа арқылы тұла бойларында жасырынып жатқан ұлы сезім оянып, балалардың бір-біріне жақындаса түсуі, бұрын соңды айтылмаған ізгі тілектердің таңдайларынан тамшылауы ерекше әсер қалдырды.

ta1

Науқанымызға жатақхананың меңгерушісі, аз уақыттың ішінде балалардың екінші анасындай болып кеткен Әсия Айдарханқызы да қатысты.

«Бүгін мен ерекше сыйлық алдым. Бұл менің ең қымбат деген алқаларымның бірі, себебі бұл алқа ең жақсы көңілден шыққан сөздерден тұрады», – деп тілегін білдірді.

ta3

ta4

Айтылған барлық жақсы тілектерден мол күш-қуат алып, жақсы көңіл-күйге бөлендік.

Тулеуова Ф.Ж. 

Тәрбиеші