Заманауи болу үшін әлеуметтік желіде болу керек

 

Біз «Әлеуметтік желі» дегенді естісек, ойымызға бірден Instagram келеді. Оның себебі де жоқ емес, әрине. Қазіргі таңда басқа әлеуметтік желілірге қарағанда Instagram сұранысқа ие. Сондықтан да, Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Даналық бейсенбі» жобасы аясында блогер-мұғалім, «Проактивный педагог» телеграм каналының авторы, мұғалімдерге арналған “Teacher’s Lab”  құрушысы Аяш Мырзабековамен кездесті. Кездесу қонағы сандық кеңістікте өнім жасау, блог жүргізу жолында кездесетін кедергілер, мәтін жаза білу және жеке брендті дамыту туралы толыққанды ақпарат берді. Сонымен қатар, блог дегеніміз не, оны жүргізу не үшін маңызды, неден бастау керек, неге мән берген жөн деген сияқты қазіргі жас блогерлерді толғандыратын көптеген сауалдарға жауап берді.

«Блог – өз аудиторияңды іздеу. Блогинг – даму, көптеген қызықты адамдармен танысу жолындағы үлкен мүмкіндік, ақпарат және ойлармен бөлісетін алаң. Блогинг өз ойыңды ашық жеткізіп, өз принциптеріңді түсініп, құндылықтарды кең ауқымды аудиторияға жеткізуге көмектеседі», – дейді Аяш.

Онлайн кездесудің соңында Аяш Мырзабекова тыңдармандарға Кэрол Дуэктің «Гибкое сознание» атты кітабын оқуға кеңес берді. Бұл кездесу, әсіресе, мектебіміздің мұғалімдеріне ұнады. Жиын соңында ұстаздар мен оқушылар қызықты ақпараттармен бөліскен қонаққа зор алғыстарын білдірді.