Тіл мерейі – ел мерейі

Тіл мерейі – ел мерейі

      2019 жылғы 28 қыркүйекте Көкшетау қаласының Орталық қалалық модельді кітапханасының базасында, Қазақстан Республикасындағы мұғалімдер күні мен еңбек күні қарсаңында, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдық мерекесіне орай, Орталық қалалық модельді кітапхананың кітапханашылары мен НЗМ мұғалімдері «Тіл- мерейі- ел мерейі » атты кітапханалық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

       Кездесуге Ж.Мусин атындағы Жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары НЗМ оқытушылары мен студенттері шақырылды. НЗМ директорының орынбасары Толеубаева А.С. мектептің 10 жылдағы жетістіктері мен NIS-бағдарламаларын елде және шетелде тану туралы, сонымен қатар 2013 жылдан бастап бастауыш мектепте енгізілген тілге ену әдісі туралы айтты. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, 5 «А» сынып мұғалімі Боранбаева А.К. өзінің  кәсіби іс-тәжірибесімен бөлісті, тілді тереңдету тұрғысынан қазақ тілін оқыту мен үйренудің тәсілдері туралы ақпарат берді. Кітапхананың оқырмандары мен студенттер  мектеп оқушыларына көптеген сұрақтар қойды, олар өз кезегінде қазақ тілін үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті. 5 «А» сынып оқушысы Прокопенко Дарья Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып,  Абай өлеңдерінің поэтикалық буынының бірегейлігін атап өтті. Тимофеев Данил, 7 «В» сынып оқушысы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» шығармасын домбырада шебер ойнап берсе, 7 «А» сынып оқушысы Нукенова Диана тілдерді тереңдету сыныбының алғашқы мұғалімі Сабдина А.А. мен бірге командада жұмыс істеп , бір-біріне көмектесіп, бір- бірін қалай қолдайтыны туралы айтты. Кездесу қызу пікірталаспен өзара қызығушылық жағдайында өтті. Педагогикалық колледж бен НЗМ арасында жасалған меморандум бойынша, алдағы уақытта екі оқу орнының тәжірибе алмасу мақсатында Зияткерлік мектептер мұғалімдері педагогикалық колледж студенттеріне арналған оқу семинарларын жоспарлады.