Сыйлыққа кітаптар

   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 10 жылдығын тойлау аясында Көкшетау қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы «Ауыл мектебіне сыйлық» іс-шарасын жоспарлаған болатын. Оның мақсаты: Зеренді ауданы, Дөңгілағаш ауылының мектеп кітапханасының қорын кітаптармен толықтыруға көмектесу.

25-мамыр – соңғы қоңырау күні – ұстаздар мен оқушылардан құрылған делегация  Дөңгілағаш ауылының мектебіне барып,  салтанатты жиынға қатысып, ауыл оқушыларына кітаптар сыйлады.

Небәрі, 30 оқушы білім алатын кішкентай мектеп қонақтарды жылы қарсы алды. Ауа-райының құбылмалығына да қарамастан, оқушылардың көңілдері көтеріңкі болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары Арайлым Сатиева мен Дильназ Еслямбекова жиналғандарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жазғы демалыстарының ойдағыдай өтуін тіледі.

Аталмыш іс-шараға дайындық барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары 455 кітап жинады. Ауыл мектебінің өкілдері болса, алдағы уақытта да әріптестіктің жалғасатынына сенім білдірді.

Без названия Без названия (1) b645b652-8903-47fd-aa8c-ae3703aabd1a