«TEDx NIS» клубы

      29 қаңтар күні «Жетісу», «Алатау» және «Ұлытау» Шаңырақтарының қатысуымен  «Менің қызығушылығым, әуестігім»  тақырыбы  аясында TEDx  NIS  конференциясы өтті.  Оған 10Д сынып оқушылары  Жүсіп Улана мен Торгаутова Диана, 9А сынып оқушысы Амирова Амина және  9С сынып оқушысы Хабибуллин Радмир сөз алып, өздерінің қызығушылықтарымен бөлісті. Оқушылар адам баласы ес біліп, өскен шағында өзінің жүрегіне жақын, шын айналысқысы келетін ісі болу керек екені туралы айтты. Сонымен қатар, өздерінің өнерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

      TEDx  клубы  дегеніміз бұл  «Таратуға тұратын идеялар»  ұранын жариялау және қызықты идеяларды барынша көп адамға тарату.
Жобаның  басты  мақсаты – оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу, әріптестік қатынастар, шешендік өнерді дамыту, сонымен қатар  алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру. Клуб  арқылы оқушының бойында тыңдай білу, түсіну, өзінің мүмкіншіліктерін шынайы бағалай білу, таным кеңістігін, ой-өрісін кеңейту сияқты дағдылары қалыптасады.

      Бекітілген жоспар  бойынша 7-11 сынып оқушылары TEDx клубына қатысып жүрді. Әр Шаңырақтан төрт оқушы қатысып, жалпы қатысушы  саны 60  оқушы болды. Апта сайын отырыстар өткізіліп, оқушылар  қызықты және таратуға тұрарлық идеялармен  бөлісіп отырды.

Алина Маржан1 Алимбетов Сунгат 7Д, Серикова Томирис 7Д

8С Абжалов Берик IMG_3598 8Д класс

Тимофеев Даниил 1

        Осы оқу жылында бірінші конференция  31 қазан күні  «Қоғамқа қызмет ету» бағыты аясында «Жақсылыққа сену үшін жақсы іс істе»  конференция өтті. Оған 8Д сынып оқушысы Головина Арина «Дарите людям добро», 11С сынып оқушысы Ибрагимова Алия  «С добрым сердцем к детям», 9А сынып оқушысы Сегизбаева Мерей «Мейірімді жүрек», 8А сынып оқушысы Амирова Амина «Мейірімді болуға асығайық» тақырыптарына сөз қозғады.  Конференцияның жүргізушілері  12Е сынып оқушылары Сейтқали Темірлан мен Шаткенова Зариат болды.

       Екінші конференция 12 желтоқсан күні «Біздің белестер» тақырыбына өтті. 29 қараша мен 2 желтоқсан уақыт аралығында Астана қаласында тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  қатысуымен «Ұлы дала мұрагерлері» атты  форумы өтті. Форум Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылғанына 10 жыл мерейтойына  арналған болатын. Оған 12Е сынып оқушылары Басболатов Нурсат, Шаткенова Зариат, Мұратбек Аружан және 11А сынып оқушысы Алпысбаева Әсемгүл, 10С сынып оқушысы Огнев Даниил қатысты. Конференцияда оқушылар форумда алған әсерлерімен бөлісті. Зариат, Даниил мен Аружан оқу жетістіктері туралы айтса, Нурсат пен Асемгуль шығармашылық бағыттағы жетістіктері туралы айтты. Еңбек етіп, білім алған оқушылар міндетті түрде жетістікке жетеді, бірақ оған тырысу керек екенін түсінді. Конференция жүргізушілері 8С сынып оқушылары Бекенов Мадияр мен Жақсыбай Әдемі болды.

        Қаңтар айында «Ideas worth spreading» қорабы мектеп атриумына орналастырылды. Бұл қорапқа оқушылар қызықты идеяларымен бөлісіп,  конференцияның тақырыптарын ұсынды. Өзін өзі басқару ұйымының мүшелері мен мектеп президенті Жанайдар Айым  қорапты ашты. Барлық ұсынылған ойлар мен идеялар  ортаға салынып, талқыланған болатын.

       Үшінші конференция 13 ақпан күні «Менің әлемім-менің көзіммен!» тақырыбында өтті. Оған 8С сынып оқушысы Дуйсеновой Меруерт, 6А сынып оқушысы Тимофеев  Даниил, 9Д сынып оқушысы  Жүсіп Улана  және  12А сынып оқушысы Жармухамбет Айдарбек белсене қатысты.  Конференция қорытындысы бойынша сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелеп, айналаңды сүюге үйрететінін түсінді. Конференция жүргізушілері 7Д сынып оқушылары Алимбетов Сунгат пен Серикова Томирис болды.

     Төртінші конференция «12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер» күніне арналған болған. Біздің мектеп оқушылары 17-19 наурыз уақыты аралығында Қызылорда қаласында өткен “Ғарыш”, “Ғылым”, “Интеллект” атты  ІХ Наурыз кездесулеріне белсене қатысты. Кездесуге  8С сынып оқушысы Абжалов Берік, 8Д сынып оқушысы Ахтанов Асанали, 9с сынып оқушысы Қайыржанова Индира қатысты. Осы оқушылар жазған ғылыми жобаларымен  таныстырып, мектеп оқушыларымен бөлісті. Конференция өте қызықты және мазмұнды өтті. Жүргізушісі 8С сынып оқушысы Алина Маржан болды.

      Сәуір  айынан бастап, атқарылған жұмыстар бойынша  «Blue jeans» желісі арқылы онлайн әңгімелесу өткізіліп отырды. Әңгімелерге  клуб жетекшісі мен спикерлер қатысып отырды. Ата-аналар рұқсатымен келісім шарттары толтырылып, оқушылар  TEDx  клубының мүшелігіне ресми түрде қабылданды. Осы жұмыстырдың нәтижелері байқалып, 8  маусым күні мектепке лицензия берілді деген хат жіберілді. Енді мектеп оқушылары әртүрлі мемлекеттермен байланысып, қызықты идеялармен онлайн түрде бөлісе алады.

       Барлық өткізілген конференциялар ютуб бейнехостингіне жүктеліп, сілтемелері көрсетілді.

 

Жыл көлемінде өткізілген мектепішілік ірі шаралар атаулары Өткізілген уақыты Қатысқан оқушылардың жалпы саны/ пайызы % Жыл көлемінде «TED*NIS» жобасына  қатысушылардың жалпы саны  % Ссылка для скачивания видео
 1) «Жақсылыққа сену үшін жақсы іс істе»   31.11.2018 9 қатысушы 30 https://www.youtube.com/watch?v=ByCZe1-E87U
 2)«Біздің белестер»  12.12.2018 6 қатысушы https://www.youtube.com/watch?v=UzanqW_9pcg
3) «Менің әлемім-менің көзіммен!»» 13.02.2019

 

8 қатысушы https://www.youtube.com/watch?v=gLLKCmdqW_o&feature=youtu.be
4) “12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні” 12.04.2019 7 қатысушы https://www.youtube.com/watch?v=mAtbUc0RWEA&feature=youtu.be

 


 

2018 жылдың 13 қаңтарында TEDx NIS  конференциясы өтті.   Конференция  «Біздің жетістіктеріміз» тақырыбы аясында  ұйымдастырылып,  мектеп түлектері шақырылды.  2012 ,  2014 оқу жылдарының  түлектері  әртүрлі тақырыптар аясында  сөз қозғады.  Санкт-Петербург қаласындағы Михаил Александрович  Бонч-Бруевич атындағы  мемлекеттік  университетінің студенті  Вероника Блажко «Мотивация и прокрастинация» тақырыбында сөз алса, Алматы  қаласындағы  Сулейман Демиреля университетінің  студенті  Хамза Дина ағылшын тілінде «My achievements» тақырыбында өзінің жетістіктерімен бөлісті.  Астана қаласының  Л. Гумилев  атындағы  университетінің түлегі  Белгібай  Қанат «Терең оқылатын пәндерді қалай таңдау керек» тақырыбы аясында жоғары сынып оқушыларымен бейіндік пән таңдауға бағыт берді.   Конференцияны  «Көктобе», «Алатау», «Алтын Емел», «Көкшетау»  Шаңырақтарының спикерлері  жалғастырды. 12 “Е” сынып  оқушысы Погребицкая  Шахана  Алматы қаласындағы  Еуразия технологиялық университетінің ректорлық грантының иегері ,  12 “А” сынып оқушысы Ахметов Ерасыл  «Power lifting»  спорт түрінің кандидаты, 12 “В” сынып оқушысы Рыспаева Дана «IELTS  халықаралық емтиханында жоғары көрсеткіш көрсету» тақырыбы аясында  IELTS-қа дайындалу және тапсырудың жолдары және өз  жетістіктерімен бөлісті.  11 “А” сынып оқушысы   Жуманалина Айгерім экологиялық таза өнімдерді қалай қайта өндіру  жолдарын ортаға салды.  Конференция оқушыларды қызықтырып, оқуға ынталарын одан әрі оятты.

Педагог-ұйымдастырушы –куратор 

Жолдасбаева А.А.