«Бурабай» Шаңырағы

shanirak burabai

«Бурабай» Шаңырағы 2017-2018 оқу жылында құрылған. Шаңырақ 9“B” және 12”B” сынып оқушыларынан құралған, жалпы оқушылар саны- 39. Біздің ұранымыз: «Бурабай» Шаңырағы алға бассын, бірлікпен көкке қалықтай самғасын!». Шаңырақ жұмысы   үздіксіз тәжірибе алмасу, топпен жұмысты бірігіп атқару, кез келген мәселені жұмыла шешуге негізделген. Шаңырақ оқу үлгерімі бойынша алдынғылардың қатарында. Оқушылар “Шаттық” домбыра ансамблінің, “Сымбат” би тобының, волейбол, футбол үйірмелерінің тұрақты мүшелері. Барлық мектепшілік және басқа да іс –шараларға қатысу арқылы Шаңырақтың әрбір оқушысының ішіндегі жатқан потенциалы мен бойындағы таланты ашыла түседі.

 


«Күзгі костюмдер сайысы»

2019 жылдың 6 қарашасында мектебімізде «Бурабай» Шаңырағының бастамасымен «Осенняя пора в NIS» іс шарасы ұйымдастырылды. Шаңырақ оқушылары мәжіліс залын кеш тақырыбына сәйкес әшекейлеп, шараның бастамасы ретінде шағын флешмоб әзірледі. Іс шараның форматы- күз тақырыбына орайластырылған костюмдер сайысы. Шаңырақ оқушылары өздерінің еңбек пен шығармашылық қабілеттерін ұштастыра отырып, өз қолдарынан шыққан туындыларын көпшілікке көрсетті. Әр Шаңырақ костюмінің таныстырылымы алуан түрлілігімен есте қалып, көрермен қошеметін иеленді. Кеш соңында әділқазылар алқасының шешімімен «Алатау» Шаңырағының өнері ерекше бағаланып, гран- при иегері атанды. Жүлделі орындармен қатар қатысушы Шаңырақтарға көрсеткен өнерлеріне сәйкес  1) Ең үздік таныстырылым 2)Ең үздік дизайн 3)Ең үздік модель 4) Ең жарқын костюм 5) Көрермен көзайымы 6)Эко-модель секілді номинациялармен қатар, тәтті сыйлықтар табысталды.

 



«Қысқы бал»

20 желтоқсан Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  «Бурабай» Шаңырағының ұйымдастыруымен «Қысқы бал» өтті. Мектеп атриумы безендіріліп ұлпа қарлар, шырша, гирляндалар ілінді.

Сценарий құрылып сол бойынша «Щелкунчик» ертегісі ойластырылып, сахна төрінде жаңа жылдық үй жағдайын сезіндіретін шырша, камин,төсеніш,ойыншықтар және диван қойылды. Жаңа жылдық «Қысқы балға» флайер жасалып әр қатысушыға екі флайердан берілді. Алдымен екі жүргізуші шығып келген қонақтармен амандасып, қысқы балдың құрметті қонақтарын таңыстырды!

«Щелкунчик» ертегісі форматында өтетінің айтып таныстырып ертегі басталды. Жүргізушілер 14 жұпты ортаға шақырды. Олар «полонез» биімен өздерін таныстырды. Кейін «Вальс» және «Мазурка» биін биледі. Әділ қазылар осы жұптарды әр түрлі критерилер бойынша сынға алып мұқият қарады.

Әділ қазылар жеңімпаздарды анықтағанша 9 сынып қыздары жастар биін биледі. 8 сынып оқушылары ВИА керемет әндерін орындады. 11 «Е» сынып оқушысы Басболатов Нұрсат гитарамен «Happy new year» әнің орындады. Және де біздің мектептің түлектеріне сөз берілді.

Кешімізді қортындылай әділ- қазылар тамаша кеш өткенің айтып, кешіміздің ханзадасы мен ханшайымы Сейткали Темирлан 11 «Е», Кабдрашит Коркем 11 «В» сынып оқушылары атанды.

Қалған қатысушыларымыз 1/2/3 орындармен және номинациялармен марапатталды. Осымен барлық жұптар әділ-қазылардың шешімімен келісіп, әрі қарай кешіміз би кешімен жалғасты.

 Диана Кенжебекова,

10 «B», «Бурабай» Шаңырағы.