Оқушылар биологиядан білімдерін шыңдауда

Көкшетау қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі Жазғы мектеп балаларды оқытуды жалғастыруда. Биология пәнінде оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларын жасап, зерттеді және оларды микроскоп астында қарады. Сондай-ақ, кәмпиттер мен желені қолдану арқылы жасушалардың үлгілерін, түрлі-түсті плакаттар жасады.

Оқушылар жоспарлаумен айналысып, одан кейін топтық жұмысқа көшті. Жазғы мектептің мақсаты: ерекше әрі қызықты әдістер арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Жазғы мектеп қатысушылары биология пәнінен білімдерін шыңдап, түрлі қызықты мағлұматтармен танысты.

11 10 8 7 6 5 3 2 1