Көкшетау қ. НЗМ оқушылары халықаралық байқауда жүлдегер атанды

    Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Алихан Калибаев пен Мади Шайкен Аmazing Spaghetti Machine Халықаралық байқауында II-орынға ие болды!!!

Байқау шарты бойынша команда ‘spaghetti machine’ – шартта көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын құрылғы немесе кешенді машинаның жобасын жасады. Қазіргі әлемдегі жағдай – Covid 2019ға байланысты ондай машинаны жасау әлдеқайда қиынға соқты. Өйткені, оқушылар әлеуметтік арақашықтықты сақтап, жеке жұмыс жасауға, алайда нәтижесінде бір ортақ жұмысты ұсынуға мәжбүр болды. Дайын жұмыстарды Австралия Melbourne Университетінің Инженерия Мектебі бағалады.

2019-2020 оқу жылында Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы абсолютті жеңімпаз атанып, оқушылар Melbourne Университетіне шақырту алған болатын.

Оқушыларымыз Алихан Калибаевты, Мади Шайкенді және жоба жетекшісі Jose Paulo Dela Cruz құттықтаймыз!

Мына сілтеме арқылы жүлдегерлеріміздің жұмысын көре аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=lOwrlIJ2wuo