Аmazing Spaghetti Machine халықаралық байқауы

     Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ 12 – сынып оқушылары таңғажайып Аmazing Spaghetti Machine халықаралық байқауына қатысып, 10 елден келген 50-ден астам командалармен бақ сынасты.
     Оқушылардың математика, ғылым, дизайн және инженерлік салалардағы білімі мен дағдылары «spaghetti machine» – салыстырмалы түрде қарапайым тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын интегралды машина немесе құрылғыны жасау үшін тексерілді. Әр командаға бір әрекеттен екіншісіне энергияны тасымалдаудың кемінде 10 деңгейі бар машина жасау керек болды. Шарттардың бірі – машинаның адамның араласуынсыз және онымен қарым-қатынассыз жұмыс істеуі. 2019 жылдың жеңімпазы – Көкшетау физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Nspire командасы! Команданың жүлдесі 2020 жылға Тринити колледжінің жас көшбасшылар бағдарламасына қатысуға шақыру алды (Ғылым және инженерлік ағым), Мельбурн, Австралия. Команда мүшелері Утекин Диас, Хамитов Рахат, Манап Исламбек, Өтегенов Жаркенді және олардың жетекшісі Jose Paulo Dela Cruz құттықтаймыз!

ASM