21 ғасыр көшбасшыcы

  «Серіктес мектептер» жобасы аясында онлайн кездесулер легі жалғасын табуда. Бұл жолы «21 ғасыр көшбасшыcы» тақырыбында конференция өтіп, оған Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Мәскеу мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Ағылшын тілі мұғалімдері Любовь Белявская мен Любовь Заборниктің жетекшілігімен жас зияткерлер шетел тілін жоғары деңгейде меңгергендерін, сонымен қатар мәдени және тарихи мұрамызды паш етуде керемет нәтижелер көрсетті.

Конференция Zoom платформасында қызу пікірталас форматында өтті. Мәскеу мектебінің тобы ұлы жаратылыстанушы ғалым Михаил Ломоносовтың білім саласындағы көшбасшы ретіндегі барлық жетістіктерін сипаттайтын презентация ұсынды. Біздің оқушылар, өз кезектерінде, қатарластарын Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейхан, Дінмұхамед Қонаев және басқа да бірқатар ағартушылармен таныстырды. Ұлы ойшыл Абайдың қара сөздері тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды. Олар біртуар ақын мен ағартушы феноменіне қатты қызығушылық танытты.

Тарихымыздағы көшбасшылардың осындай керемет мысалдарынан кейін оқушылар «Заманауи әлемлегі көшбасшы» ұғымын талқылап, тыңдармандарға бірнеше сұрақтар жолдады. Сонымен қатар, NIS оқушылары көшбасшылық құзыреттілігін арттыратын мектебіміздің бірегей оқыту жүйесін ұсынды. Конференция соңында екі команда пікірлерімен және жылы тілектерімен алмасты.