Миссиясы: Адамгершiлiк құндылықтарға негiзделген отандық жəне халықаралық озық тəжiрибенi енгiзу арқылы көпмəдениеттi, өз елiнiң шынайы патриоты болатын азаматты қалыптастыруға ықпал ететiн қолайлы бiлiм беру ортасын құру.
Пайымдау: Бiздiң түлектер – үш тiлдi еркiн меңгерген, сыни ойлай алатын, туған өлкесiнiң тарихын бiлетiн, өмiр бойы үздiксiз бiлiм алуға қабiлеттi əлем азаматтары.
Құндылықтар:
- Құрмет
- Ынтымақтастық
- Ашықтық
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
- Еңбек және шығармашылық
- Өмір бойы білім алу
Әлем азаматы: Жергілікті, ұлттық, жаһандық мәселелерді сыни тұрғыдан түсініп, шешуге өз үлeсін қоса алатын, әлем азаматтарына құрметпен қарайтын, ғаламдық тәжірибені бойына сіңірген тұлға.
Көпмәдениеттілік: Әр түрлі әлем мәдениеттін құрметтеу, олардың өркендеуіне жағдай жасау және өз ұлтының ерекшелігі мен құндылықтарын сақтап, дамыту.
Интернационализм: Әлем халықтарының арасыдағы келісім, достық ұлтқа, дінге қарамастан барлық адамдарға тең болып есептеледі.
Цифрлық азаматтық: Жаһандық желі кеңістігінде цифрлық технологиялар мен ресурстарды жауапты, қауіпсіз және этикалық тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылар жиынтығы.
Сапалы білім беру: Мектеп қауымдастығының әрбір мүшесінің қазіргі және болашақ әлем талаптарына жауап беретін тиісті білім мен өмірлік дағдыларды меңгеру мақсатындағы ынтымақтастық.