Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасы 2017 жылдың 31 наурызынан бастап жұмыс істейді.  Жобалық қуаты 132 орынды құрайды. Ашылу мақсаты – қалалық емес оқушылардың тұруына жағдай жасау.

    Жатақхана тәулік бойы күзетілетін, периметрі қоршаулары, күзет бағаналары, сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары бар, жеке ғимарат ретінде орналасқан. Жатақхана аумағына кіру бейне және дауыс жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    Жатақханада 3 орындық оқушыларға арналған бөлмелер қарастырылған. Оқушылар  жеке төсек-орын жабдықтарымен, қажетті жиһаздармен және де жасөспірімдер гигиенасына арналған бөлмелермен қамтамасыз етілген. Залдарда демалуға және ұжымдық жұмыс жасауға арналған орындар бар.

    1-қабатта: егу бөлмесімен және екі изолятормен жабдықталған медициналық кабинет, 60 орындық асхана, кір жуатын бөлме және техникалық бөлмелер орналасқан.

    Оқушылар бос уақытында спорт залға, қыш шеберханасына, тігін бөлмесіне және көркемсурет студиясына барады.

    Оқушылармен мен қызметкерлерді қорғау үшін жатақхана жеке қорғаныс құралдарымен, «Антипаника» жүйесі бар өрт шығу жолдарымен қамтамасыз етілген.

    Тәулік бойы оқушылар педагогикалық және медициналық сүйемелдеу  қызметімен қамтылған/