«Үздік зерттеушілік постер» сайысы өтті

Көкшетаудағы NIS-те «Үздік зерттеушілік постер» мектепішілік сайысы өтті. Сайысқа мектеп мұғалімдері әзірлеген 9 постер ұсынылды. Қазылар алқасы қатысушыларды аудиториямен жұмыс, шешендік өнер, талдау, белгіленген уақытқа сәйкес сөйлеу критерийлері бойынша бағалады. Сайыс нәтижелері төмендегідей:

1-орын – физика пәнінің мұғалімі Сергей Кошкин

2-орын – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Балғын Тургумбаева

2-орын – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Динара Сармолдина

3-орын – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанар Ордабаева

3-орын – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Назым Табарак

«Тиімді әдіснама» номинациясы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алия Сергалиева марапатталса, биология пәнінің мұғалімдері Мұратбек Кожахметов пен Жанаргүл Жакенова «Креативті шешім» номинациясына ие болды. Математика пәнінің мұғалімі Нұржамал Абдрахманова мен химия пәнінің мұғалімі Гүлдана Құрманәлі «Мазмұнды баяндама», ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Аяжан Абдульманова мен Айгүл Аскарова «Өзекті зерттеу» номинациясын иеленді.

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Сымбат Зыкрина сайысқа ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің белсенді қатысқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ ұсынылған постерлердің мазмұндылығына тоқталып, жеңімпаздар мен номинация иегерлерін құттықтады.

IMG_0337IMG_0336IMG_0335IMG_0334IMG_0333IMG_0332IMG_0331IMG_0330