Табысты кәсіпкер – бұл кім?

«Даналық бейсенбі:Табысты кәсіпкер – бұл кім?»

    13 ақпан күні Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 9-11 сынып оқушыларына «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының төрайымы Мариям Абишева және Ақмола облысы кәсiпкерлер палатасының төрайымы Гульмира Кусаинның қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
    Кездесу барысында Мариям Абишева 2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланғанына тоқталып, мектеп оқушыларының бүгінгі таңда қандай еріктілер құрамына кіруге болатындығы, олардың жұмыс барысына қысқаша тоқталып өтті. Ал Гульмира Кусаин оқушыларға өзінің қазіргі күні табысты кәсіпкер екенін және оған қалай жеткеніне мысалдар келтіре отыра, балаларға американдық бизнесмен, инвестор, жазушы әрі ұстаз Роберт Тору Кийосакидің «Бай әке, Кедей әке» аты кітабының арқасында танымал болғандығы тб көптеген мысалдар келтіре отыра, оқушыларды болашақтан үміт үзбей нақты мақсат қоя біліп, оған жетудің амалдарын қарастыруға шақырды.
Мектеп оқушылары аса қызығушылықпен тыңдап, өздері де оқыған мотивациялық кітаптарымен бөлісе отырды.

86831310_310047073285598_7824547947856527360_o