Жас қаламгер

Мағжан Жұмабаевқа арнау

Мағжан ата керемет ақынсыз ғой,

Жастарға өлеңдерді арнаған.

Өлең, жыр жазған дүл -дүл қазақсыз ғой,

«Адастым», «Сағындым» деп жырлаған

Сол заманның ақынының тағдыры,

Қиын болды, мұңды болды сенемін.

Абақтының жағымсыз тарлығы,

Кедергі етпей жыр жазуға білемін.

Қазағымның әдебиетін дамытқан,

Қазақ тілін барша елге танытқан

Жастардың ол сөздік қорын байытқан,

Жоғалды ғой ақынымыз ғайыптан!

Мағжан ақын өлеңнің пайғамбары,

Ел үшін бағың қиған саңылағы.

Тыным таппай жастар үшін еңбек еткен,

Тарихта сақталады мәңгі аты!

8 «A» сынып оқушысы,

  Санакова  Аида

Мағжан  Жұмабаевқа  арнау

 

Солтүстікте туылды эпик ақын,

Қазақ әдебиетінің жұлдызы жарқын.

Сауатын ашып ауылдың молдасынан,

Жастайынан ойлады Мағжан халқын.

Төңкерісі Ақпанның он жетіде,

Құрамы комитеттің сол сәуірде.

Партиясы Алаштың Ақмолада

Көмек берді сананы көтеруге.

 

Қызмет етіп «Ақ жол», «Сана» газетінде,

Жұмысы ағартудың көңілінде.

Жарыққа шығып «Батыр Баян» поэмасы,

Таралды қалың қауымға сол кезеңде.

Жиналыс өтіп Мәскеуде қарашада,

Шықты қарсы көп адам шығармаға.

Орынсыз сын көңілін жабырқатып,

«Сәлем хат»  жазды ақын өз халқына.

 

Түрмесіне Мәскеудің ол қамалды,

Болды кінә жасырын ұйым құрғаны.

Айдауға да он жылдық ол көнеді,

Болды көмек достарынан – Отанына қайтқаны.

Отыз сегіз болды жылы озбырлықтың,

Халық жауы деп жазасыз атылады.

«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» деп,

Жүрегінде халықтың Мағжан баба сақталады.

8А сынып оқұшысы,

Есілжан Жібек.

Сәкен Жүнісовтың туғанына 80 жыл толуына орай

 

«Дана дарынға» арнау

 

Уа дариға, жазылшы жыр, күмбірлеші күйімдей,

Лаулап отта, жалын атқан қаһарлы сақ үнімдей

Жер жүзіне жарқырап атым шықсын,

Өр өлеңімде ақындар бар әрі де.

 

Сәкен атты саңлақ ақын тебіренткен жүректі,

Жүректерге жол тауып, күшейтті ғой әр лепті

Алпыс екі тамырыңды идірердей өлеңмен

Ұлы ұлтына үлгі болған, сол себепті,

Құрметтеймін, ардақ тұтам дара ақын Сәкенді!

 

Тәңір берген талантына табынам,

Сәкендейін судай есіп, ағылам

Күшті алыстан күш аламын тегі мен,

Сөздеріміз сарқырар толқын төгілген

 

Дана дарын, өлеңінен өрім өрген біртуар,

Қазағымның қара өлеңі десе сол бір ой туар,

Сәкендейін кең Көкшенің мұзбалағын еске алам,

Өлкемнің өр өрені, ақыны деп мақтанам.

 

Шортанбайұлы Олжас,

8 «Д» сынып оқушысы

 

 

Елім деп соғады жүрегім

 

Елім деп соғады жүрегім,

Сенде өсіп, сенде көктедім.

Саған ел жоқ тең келер,

Тең келген елді көрмедім.

Туған ел елдігімнің белгісі,

Көрген жан келеді ылғи көргісі.

Тартсаң да талай азап сан түрлі,

Кетпесін енді езуден күлкісі.

Біз алмайтын асу жоқ, бұл анығы,

Жақсылыққа елім де мол қанықты.

Білімнің аспанында терді төгіп,

Көтеремін көгіме Ер халықты.

Абдосова Альбина,

8 «B» сынып оқушысы

 

 

Алтыннан қымбат туған жер

Сен деп соғар жүрегім елім менің,

Асқар тауым, жазығым, көлім менің.

Сен бар болсаң, мен бармын жоғалмаймын,

Қашан да қымбат маған туған жерім.

Сен деп соғар жүрегі батырлардың,

Шаңырақ астындағы бар ұлыстың.

Елім деген жүректер әрқашан да,

Құрбан болар жолында сол халықтың.

 

Мен – Ерболмын, атыма сай туылғанмын,

Мен – жаспын, сондықтан да жыр толғаймын.

Ал әзірге білім қуып, өнермен қаруланып,

Ер жеткенде Елбасыдай Ер боламын.

Тағаев Ербол,

8 «B» сынып оқушысы

 

 

Сүйемін

Туған елім,

Туған жерім – Отаным.

Мақтанышым,

Қорғанышым – сен елім,

Сенде туып, сенде өніп-өсемін.

Болашақтың қызықтырған беттерін,

Бір өзіңнен оқып-біліп келемін.

 

Сүйемін туған өлке жерлерін,

Сүйемін тау мен тасын, әр көлін.

Болашаққа үлкен үміт арқалап,

Таудай болып мен де ертең өсемін.

Қажымұрат Айғаным,

8 «B» сынып оқушысы

 

 

 

Елін сүйген Ер бабам

Елім менің, қымбаттым,

Аялаймын мен сені.

Баға жетпес ардағым,

Қорғап өтем мен сені.

Өнер-ғылым дамыған,

Болашақтың мекені.

Бар жастары жайнаған,

Өмірімнің көктемі.

Мақтан тұтқан Ер бабам,

Ол кім десең, – Нұрсұлтан.

Ер бабаға ұқсаған,

Шырқатам талай Әнұран.

Альжапарова Аружан,

8 «В»сынып оқушысы 

Тәлімгері: қазақ тілі мұғалімі Қ.Закерияұлы

 
 

Абылай ханға арнау

Уа, халайық, шаттанайық,
Бабамызға – үш жүз жыл!
Өсіп, өніп ұрпақтары,
Тойлауға жеткен осы күн.

Талай дүлей өтті заман
Алаш халқы басынан.
Осы бабам арқасында,
Қалды қазақ дүйім аман.

Той тойлайық, мақтанайық,
Бірлігімізді мықтап ұстайық.
Ұлы халық болу үшін,
Абылай ханды ұмытпайық!

Аубәкір Жәнел,
9 «А» сынып оқушысы,
мұғалімі: Бейсенова Р.Ж.