Мектеп асханасы

Тамақтану баланың өсуі мен дамуы процесінде үлкен рөл атқарып, денсаулықты қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Балалардағы білім беру жүктемесі мен жоғары физикалық белсенділік баланың өсіп келе жатқан денесінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұтымды және теңгерімді тамақтануды қажет етеді.

Көкшетау қ. ФМБ НЗМ асханасына «А.S.Khan-Company» ЖШС қызмет көрсетеді.

Әкімгері: Махметова Гульнар Балапаевна

IMG_0121IMG_0123IMG_0135IMG_0124

                                                           

                                                                                                                                  Ас блогы қызметкерлерінің штаты жасақталған. Әрбір қызметкерге медициналық кітапшалар мен вакцинациялау паспорттары бар.

Мектеп асханасында 799 оқушы тамақтануда, оның ішінде 210 бастауыш сынып оқушылары.

Келу кестесіне сәйкес:

– Мектеп оқушылары үшін күніне 3 (үш) реттік тамақтану;

– Жатақханада тұратын оқушылар үшін күніне 5(бес) реттік тамақтану.

Тамақтану залы 360 орынға есептелген. Тамақтандыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 6 тамызда № 23890 болып тіркелді.

Объектіде перспективалы маусымдық (жаз – күз, қыс – көктем) ұтымды, теңдестірілген төрт апталық мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, олардың жас санаты ескеріледі, витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.

IMG_0137

Мектеп буфеті