САНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ АПТАЛЫҒЫ

Сандық азаматтық басқа адамдармен әлеуметтік қатынасқа түсу үшін технологияны жауапкершілікпен қолдануды білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл Интернеттегі өзін-өзі дұрыс ұстауға үйрететін жазылмаған тәртіп ережесі.
Сондықтан бүгінгі оқушыларға сандық азаматтық деген не екенін үйрету өте маңызды. Мәселен, 13 қазанда Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ-де цифрлық азаматтық апталығы басталды.
Жұмыс барысында оқушылар ойындар арқылы сандық азаматтық туралы өз білімдерін көрсетті. Олар әртүрлі сандық ресурстардың артықшылықтары мен кемшіліктері, сандық азаматтық деген не және ол неге маңызды екендігі туралы айтты.
IMG_0191IMG_0184IMG_0194IMG_0239IMG_0252IMG_0447