«Самғау» түлектер форумы

         2019 жылғы 10 тамызда Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғаш рет «Самғау» түлектер форумының қатысушыларын қабылдады. Форумға 2019 жылғы түлектер де, мектептің алғашқы бітірушілерінен тәжірибелі жастар қатысты. Сонымен қатар, форумға «NIS Alumni» қоғамдық бірлестігінің президенті Балғатай Арман және вице-президенті, мектепті 2012 жылы бітірген Оразбаева Меруерт қатысты. Арман мен Меруерт қатысушыларды қоғамдық бірлестік жүзеге асыратын жұмыстармен және жобалармен таныстырды. Форумның басқа спикерлері өздерінің жетістіктерімен бөлісті және заманауи медициналық білімі бар, Үлкен төрттік компанияларында қалай жұмыс істеу керек, өз қаржыларын қалай басқару керек, Big data саласында математика қаншалықты қажет, геологтар кім және олар не істеп жатыр деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғады, Гонконг политехникалық университетінде білім алудың артықшылықтары туралы әңгімеледі. Форум соңында мектеп өкілдері қатысушыларға сәттілік тілеп, алға қойған мақсаттарына жету үшін алғыс хаттар табыстады.