Сөз мәйегі мақал

     Биылғы жылдың бесінші мамыр күні Көкшетау қаласы Назарбаев Зиаткерлік мектебінің  8 сыныптар оқушыларының арасында «Сөз мәйегі мақал» атты сайыс ұйымдастырылып, өткізілді. Қорытынды бойынша 8C сынып оқушылары І орынға,  8А сынып оқушылары ІІ орынға, 8Д сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды. Сайыс барысында оқушылардың қазақ әдебиеті мен өнеріне деген қызығушылықтарымен сүйіспеншіліктері кеңінен байқалды. Еліміздің болашақ ұрпақтары өзелінің мәденеиеті мен әдебиетін қастерлеп, одан әрі өрбітіп дамыта түсуге әзір екендіктері қуантты.