Сөз мәйегі мақал

     Биылғы жылдың бесінші мамыр күні Көкшетау қаласы Назарбаев Зиаткерлік мектебінің  8 сыныптар оқушыларының арасында «Сөз мәйегі мақал» атты сайыс ұйымдастырылып, өткізілді. Қорытынды бойынша 8C сынып оқушылары І орынға,  8А сынып оқушылары ІІ орынға, 8Д сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды. Сайыс барысында оқушылардың қазақ әдебиеті мен өнеріне деген қызығушылықтарымен сүйіспеншіліктері кеңінен байқалды. Еліміздің [...]

Мың бір мақал

     Мейрімділік, қамқорлық, адамгершілік, жақсылық- тақырыптарының аясында 10В сынып оқушыларының арасында әдеби талқылау сағаты өтті. Оқушылар әр-түрлі тақырыптардағы мақалдар жайлы өз көз-қарастарын ғана білдіріп қоймай, өз бойларындағы өнерлерін де ортаға сала отырды. Ахмедьярова Альуарис пен Жанарт Абылай сұлу әнге бой алдырса, Мамрина Аяжан, Аленова Ботагоз өлеңдер оқып сүйсіндірді.

«SIMPLE COOKING СLUB»

«SIMPLE COOKING СLUB» үйірме жұмысының барысында «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» атты шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатына оқушылардың ата-аналары қатысып, өздерінің балалаларымен мақалдардың маңызы мен мағынасы жайлы әңгіме жүргізді. Тағам дайындау барысында асқа, бірлікке тағы дабасқа тақырыптарға байланысты мақалдар айтылып, олардың қолдану орны талқыланды.

Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер»

Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер»      Ағымдағы жылдың 30-шы қазанында «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында «Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты» атты суреттер байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар осы тақырып аясында өздері білетін мақал-мәтелдер арқылы суреттерін әңгімеледі. Балалардың бойынан қазақ халқының сарқылмас мұрасы- ауыз әдебиеті бүгінгі күні асылмұра екені сезілді.