«Purwanchal Vidyamandir» серіктес мектебімен бірлескен жұмыс

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Үндістанның Калькутта қаласындағы «Purwanchal Vidyamandir» серіктес мектебінің бірлескен жұмыс аясында 5-сынып оқушыларымен бірқатар онлайн шығармашылық іс-шаралар өткізілді. Көкшетау қаласындағы ФМБ НЗМ мен Калькутта мектебінің оқушылары отбасы және елдің мәдени мұралары тақырыбы бойынша жұмыстармен алмасты. Сабақ барысында балалар Үндістанның мәдени мұрасы туралы қызықты деректерді біліп, туған өлкесінде терең бағаланатын және ежелгі жерлерімен танысуға жоғары қызығушылық танытты.

265624291_759168691706765_3371176079792347380_n265939522_759168698373431_4426910433390252014_n266252713_759168721706762_1438760648121122659_n