MedSupport негізін қалаушы оқушылармен кездесті

Қазақстанның үздік жас ғалымы зияткер оқушылармен кездесті. Дәстүрлі «Даналық бейсенбі» жобасы аясында биофизик, PhD докторы, биомедициналық инженерия саласындағы Назарбаев Университетінің профессоры, MedSupport негізін қалаушы Дана Ақылбекова Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен онлайн кездесті. Ол американдық ғалымдармен бірге қант диабеті кезінде инсулинді жеткізудің инновациялық әдісін жасауға қатысып, сол үшін 2015 жылы «Қазақстанның үздік жас ғалымы» деп танылған болатын.
Онлайн кездесу барысында Дана Ақылбекова оқушыларға зертханада қалай сүйекті өсіруге болатыны, дің жасушаларының қалай жұмыс істейтіні және биомедицина инженериясы туралы толыққанды ақпарат берді. Бұл кездесу өте қызықты өтті. Оқушылар спикердің сұрақтарына жауап берумен қатар, өздері де сауал жолдап, белсенділік танытты.