Ohio State University өкілдерімен кездесу өтті

11-сынып оқушылары Огайо штаты Университетінің өкілдерімен кездесті. Шара қонақтардың Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне іс-сапары аясында ұйымдастырылды.

Мемлекеттік зерттеу университетінің өкілдері алдымен NIS білім беру бағдарламасымен, мектеппен танысып, кейін 11-сынып оқушыларымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Огайо мемлекеттік университетінің Білім және экология мектебінің деканы доктор Дональд Поуп-Дэвис бастаған топ зияткерлерге өз университеттерін таныстырды.

IMG_0492IMG_0493IMG_0494