Үміткерлер назарына!

2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өткізілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсуге үміткерлерді конкурстық іріктеу тестілеудің нәтижелері белгілі болды.⁣⁣⠀

Тестілеу қорытындысы бойынша:⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

– «Математика» бөлімінен ықтимал ең жоғары балдың 35%-ын (140 балл) және одан жоғары;⁣⁣⠀

– «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың 40%-ын (120 балл) және одан жоғары жинаған үміткерлердің материалдары «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберіледі.⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

«Ескерту» бағанындағы «жіберілді» , «жіберілмеді» сөздері үміткердің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілу деңгейін анықтайды.⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

Республикалық комиссия тестілеуден ең жоғары жалпы балл (макс. балл – 1500) жинаған үміткерлерге нақты мектептер шеңберінде бөлінген грант саны шегінде грант тағайындау туралы шешім қабылдайды. ⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

Конкурстық іріктеу нәтижелерін көру үшін сілтемеге өтіңіз⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

https://www.nis.edu.kz/ru/applicants/konkurs-results/?id=10313 ⁣⁣⠀