Мектептер арасындағы халықаралық ынтымақтастық

      Мектептер арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында, Көкшетау қ.ФМБ НЗМ 11-сынып оқушылары Skype конференцияға қатысқаннан кейін, Таиландтың халықаралық мектебінің оқушыларынан хат алды. Хаттарға жауап бергеннен кейін, оқушылар хаттарды қолмен жазу электрондық хатттардан гөрі әлдеқайда қызықты екенін атап өтті. Оқушылар жауап хаттарында сұрақтарға жауап беріп, өздерінің қызығушылықтары мен құлшыныстары туралы айтты.