«Математика мен жобалау» халықаралық байқауы

«Математика мен жобалау» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды. Көкшетау NIS 10 сынып оқушысы Еділ Қуанышбеков «Ақпаратты қорғау саласындағы математика» секциясында топ жарып, жүлделі 1 орын иеленді. Ол өзінің «Программа шифрования информации на основе неалгебраической генерации случайных чисел» жобасын қорғады.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтар қауымдастығы Ұлттық жастар институтымен, «Архимед және Диоген» білім беру технологиялары институтымен, «Армаганка» қауымдастығымен және «Еуропалық кенгуру» қауымдастығымен бірлесіп дарынды оқушыларды анықтау және дамыту мақсатында XVI халықаралық байқаудың 2 кезеңін өткізді.

Дарынды оқушымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

ЕДІЛ ҚУАНЫШБЕКОВ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ (1)