Ұлы дала ақындары: Көкшетаудағы NIS оқушылары ақын Серікбай Әбілмәжінмен кездесті

Көкшетаудағы NIS-те «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серікбай Әбілмәжінмен әдеби-сазды кеш өтті.

Зияткерлер ақынның өлең жолдарын оқып, ән шырқап, күй тартты. Мың бұралған бишілер де шараның көркін келтірді. Кештің екінші бөлігінде оқушылар ақынға өлең жазу, шабыт, шығармашылыққа қатысты сұрақтар қойып, қонақтың тарапынан тұшымды жауап алды.

Серікбай Әбілмәжіннің өзі де өлең жолдарын оқып мектеп қорына кітаптарын табыстап, оқушыларға алғыс білдірді. Мектеп әкімшілігінің тарапынан да ақынға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Өлеңмен өрілген кеш жалпы фотомен қорытындыланды.

IMG_7891IMG_7865IMG_7849IMG_7816IMG_7767IMG_7761IMG_7904