ҰЛЫ ДАЛА АҚЫНДАРЫ ІЗІМЕН…

Тәрбие құндылықтарының тамырын жас жеткіншек санасына жеткізуде ұлтымыздың руханият дарабоздарының төл туындыларын насихаттау, олардың ішкі кемел ойларын бүгінгі заманмен байланыстыра ұқтыру – бүгінгі күннің басты міндеті. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асырылып жатқан «Ұлы дала ақындары» жобасы жас зияткерлердің өз ұлтының тарихи, әдеби мұрасын білуі арқылы қазіргі заманға лайықты көзқарасын, Отаншылдық сезімін нығайта түсу секілді мұрат-мүдделерді көздейді.

«Ұлы дала ақындары» жобасы аясында Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қазақтың атақты ақыны, жазушысы – Ғафу Қайырбековтың туындыларымен, өмір-баянымен танысу жолында.