Ұлағатты әкелер: тәртіп тақырыбы талқыланды

«Ұлағатты әкелер» жобасының аясындағы кезекті кездесу құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәртіп, тәрбие тақырыбына арналды.

Бұл жолы 7-сынып оқушыларының алдында Тохан Балымның әкесі, №19 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Тохан Ханат, Пазылқан Дінмұхаметтің әкесі, Зеренді ауданы М.Ғабдуллин атындағы ауылдық мәдениет үйінің директоры Пазылқан Темірбек сөз сөйледі.

Мектеп қонақтары өз сөздерінде тәлім-тәрбиенің, рухани құндылықтардың мәні мен маңызын тілге тиек етті. Оқушылар шара соңында адамгершілік, сыйластық, құрмет сияқты ізгі қасиеттер әр адамның бойынан табылуы тиіс деген қорытындыға келді. 

IMG_7590IMG_7594IMG_7598