Әке – тәртіп пен әділдік нышаны

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологиялық қызметі «Эмоционалдық тәрбие. Әкенің басты рөлі» тақырыбында  бастауыш сынып оқушыларының әкелеріне арналған «Ұлағатты әкелер» клубының кезекті отырысын өткізді.

Семинар барысында қатысушылар әкелік тәрбиенің түрлері, баланың эмоционалдық тәрбиесіндегі әкенің басты рөлі, сонымен қоса эмоционалдық интеллектінің кейбір тәжірибелерімен танысты. Әкелер бала бойындағы эмоционалдық интеллектінің даму маңыздылығын, мақсатқа жету үшін өзінің және өзгенің эмоциясын, сезімі мен  уайымын түсінуі, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет ету керектігін атап, өз ойларымен бөлісті. 

Семинар қатысушылары кері байланыс бере отырып, маңызды және қызықты ақпараттар алғандарын, берілген семинардың қажеттілігін атап өтті. Атаулы іс-шаралардан кейін балаға түрлі жағдаяттар кезінде басқа қырынан қарауды үйренгенін, осындай семинарларды тұрақты түрде өткізіп тұрудың маңызды екенін айтып, ризашылықтарын білдірді.

photo5472165631257329595photo5472165631257329594