Каникулярлық мектеп аяқталды

Көкшетау қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5-сынып оқушыларына арналған Каникулярлық мектеп аяқталды. 3-7 маусым аралығында аталмыш мектептің 45 қатысушысы қазақ, орыс, ағылшын тілі, математика пәндері бойынша білімдерін шыңдады. Нәтижесінде, Каникулярлық мектепке оқығандарын растайтын сертификаттармен марапатталды.